Мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асу барысы қатаң қадағаланады

«Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл ауданда “Тараз — Сарыкемер — Түймекент — Ақшолақ”, “Тараз -Жетібай — Тегістік — Ойық”, “Аса — Мырзатай”, “Жібек жолы — Жаңатұрмыс” бағытындағы автокөлік жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу бойынша құрылған партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясы жанындағы комиссиясы мен партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, партия аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері «Qutty meken» партиялық жобасы аясында нысандағы жұмыстардың барысына рейд жасады.
Аудан бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдары 52 шақырымы, облыстық маңызы бар 134,75 шақырымы, аудандық маңызы бар 132,07 шақырымды құрайды. 2018 жылдың жоспарына сәйкес, аудандық маңызы бар 132,07 шақырым автомобиль жолдарының 107,27 шақырымы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.
Осы жылы аудандық мәндегі автомобиль жолдарына, елдімекен көшелеріне және көпірлерге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жалпы 485,9 млн. теңге бөлінген.
Жылдың соңына дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 127,62 шақырым немесе 87,7 % құрайтын болады.
Бұл туралы жуырда «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу бойынша аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жанындағы «Көлік — логистика инфрақұрылымын дамыту» бағыты бойынша комиссия отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рашид Қойлыбаев есеп берді. Есепті баяндаманы мұқият тыңдаған комиссия мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныстар берілді.

Жұлдыз МАМЫҚОВА,
«Nur Otan» партиясы Байзақ аудандық филиалының консультанты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *