Талас ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 2019 жылғы қараша айының 20 жұлдызынан бастап «Жеке тұлғалардың берешек сомаларын өндіру шараларын жүргізу барысында рейдтік іс-шаралары басталды»

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы Салық кодексінің 490 бабына сәйкес меншік құқығында салық салу объектілері (көлік құралдары) бар жеке тұлғаларкөлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады. Көлік құралдары салығын есептеуге арналған салық кезеңі салық кодексінің 495 бабына сәйкес 1 қаңтар — 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңі екендігі көрсетілген және де ҚР көлік туралы заңнамасына сәйкес осындай құрылымдық бөлімшеге тіркелген көлік құралдары бойынша көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы екндігі айқындалған. Осыған орай аудан көлемінде Жамбыл обылысы мемлекеттік кірістер департаментінен 14.11.2019 жылы келіп түскен №-ДГД-13-2/14640 хаты негізінде Қаратау қаласы бойынша жоғарыдағы аталған талаптарға сай, көлік салығын төлемеген жеке тұлғалардыңберешек сомаларын өндіру мақсатында аудандық полиция бөлімімен және жеке сот орындаушылармен бірлескен рейдтікіс-шара20.11.2019жылы жүргізілді. Рейдтік іс-шара барысында анықталғандай жеке тұлғаДАУЖИГИТОВ АЙБОЛАТ СЕИТОВИЧТІҢ атына тіркелген Audi 100 мемлекеттік номері Н570SKM авто көлігіне27585 теңге көлемінде көлік салығын төлемегендігі үшін Қаратау қаласында орналасқан айыппұлтұрағына қойылды (іс-шара нәтижесінде салық төлеушіге 16530 теңгесін төлетіп, 11055 тенгесі салықтық рақымшылық негізінде жойылатыны түсіндірілді). Сондай-ақ, рейд барысында 2019 жылдың көлік салығын төлемеген 23 жеке тұлғаға ескертулер беріліп, төлеу міндеттелді. Осындай іс-шаралар жыл соңына дейін жүргізілетін болады.

Талас ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *