Фронт-кеңсе іске қосылды

Сот қызметі азаматтарға ашық әрі жақындай түсті. Аудандық сот ғимаратынан фронт-кеңсе ашылып, іске қосылуы осының дәлелі болғандай. Жаңашылдықтың негізгі мақсаты азаматтарға ыңғайлылық және оларға қолайлы қызмет көрсету. Фронт-кеңсе азаматтарға көрсетілетін сот қызметі мен қызметтердің сапасын жақсартады, сондай-ақ сот жұмысын оңтайлы ұйымдастырады және сотқа келушілерге қолайлы жағдай туғызып, сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

— Фронт-кеңсе «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасының бір басымдығы «Үлгілі сот» бағдарламасын іске асыру аясында ашылып отыр. Азаматтардың сот қызметіне барынша қолжетімділігін және тиімділікті қамтамасыз ету мақсатында сот жүйесін жаңғырту аясында республика соттарының қызметі одан әрі жетілдіріле түсуде, сондай-ақ сот ісін жүргізуде жаңа технологиялар енгізілуде. «Үлгілі сот» бағдарламасын іске асыру соттың жұмысына дұрыс нәтижесін, халық арасында оң бағасын береді, — дейді аудандық соттың төрағасы Бақытжан Мүлкібаев.
Фронт-кеңсенің сотқа келушілерге ыңғайлы болуы үшін барлық жағдайларды жасайды, кеңсе қажетті жабдықтармен жабдықталған, мұнда сотқа арыздар мен өтінішхаттарды қарау және беру тәртібі, істерді қарау және материалдардың қаралуы мен қаралу барысы, сот отырыстарының уақыты, кіріс почтасы және өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары туралы ақпарат беретін үш аймақтан тұрады, сондай-ақ медиаторлар мен адвокаттар үшін жеке кабинеттер жабдықталған.

Аудандық соттың
баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *