Салықтық рақымшылық

Жеке тұлғалардың салықтық рақымшылық шеңберінде 2019 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дербес шотта есептелген өсімпұл сомалары есептен шығарылады, сондай-ақ 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезенінде салық міндеттірі бойынша туындаған берешек сомасына есептелген өсімпұл сомалары төленген жағдайда есептен шығарылады.
Өсімпұлды есептен шығарудың жалғыз шарты жеке тұлғаның салықтар бойынша негізгі борышты төлеуі болып табылады. Салық төлеушілерге бұл үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кіріс органдары күн сайын жеке тұлғалардың дербес шоттарының жай-күйіне мониторинг жүргізеді және олар 3 жұмыс күн ішінде негізгі борышты төлеген кезде өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады. Егер салық төлеуші ағымдағы жыл ішінде өткен жыл үшін негізгі борыш пен салықтар бойынша өсімпұлды төлеуді жүргізген жағдайда, өсімпұл сомасы қайтаруға жатады. Ол үшін мемлекеттік кіріс органдарына өтініш беру қажет.
Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарымен салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде мәліметтері жоқ жеке тұлғалардың, дегенмен кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырумен байланысты он бес жылдан астам есептелінген салықтан қарызы бар жеке тұлғалардың салық берешегінің сомасы есептен шығарылады.

Жанар Жұмабаева,
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *