Жаңа ережелер күшіне енеді

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлермен патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану бойынша талаптарының өзгеруі бөлігінде Салық кодексінің ережелері күшіне енеді.
Осылай, Салық кодексімен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап патентті қолдану құқығы сақталатын шектелген қызмет түрлерінің тізбесі (32 қызмет түрі) енгізіледі.
Рұқсат етілген тізбеге кірмеген қызмет түрлерін атқаратын салық төлеушілерге көрсетілген салық салу режимдерінің біреуіне ауысу қажет:
оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі немесе тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі;
жалпыға бірдей белгіленген тәртібі.
Патенттен басқа салық салу режиміне ауысу үшін, патентті қолданатын жеке кәсіпкерлерге салық салу режимін таңдап және салық органдарына электронды түрде (салық төлеушінің кабинеті арқылы) немесе қағаз жүзінде қолданатын хабарлама тапсыру қажет. (қолданатын салық салу режімі туралы хабарлама)
Бұл ретте, осындай жеке кәсіпкерлерге хабарламаны дұрыс рәсімдеу үшін хабарламада таңдалған салық салу режимін көрсетіп, себебі ретінде – патентті қолдану шарттарына сәйкес келмеу күнін — 2020 жылдың 1 қаңтарын міндетті түрде көрсетуі қажет.
Аталған хабарламаны 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тапсырмаған жағдайда, салық органдары осындай салық төлеушілерді тек қана жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыруға міндетті болады, ал осындай тәртіптен басқа шағын бизнес үшін арнаулы салық режимдеріне ауысу тек бір жылдан кейін мүмкін.

Кәсіпкерлердің басқа АСР қолдануға ауысу артықшылықтары
Арнаулы салық режимдерін қолданатын, микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын кәсіпкерлер 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеунің негізі» жолдауын іске асыру мақсатында, табысқа салынатын салықтан үш жылға босатылады.
Сонымен қатар, оңайлатылған салықтық есеп жүргізу және салықтық есептілікті тапсыру, бухгалтерлік есеп жүргізуден босату сақталған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *