«100 ҚАДАМ – ҰЛТ ЖОСПАРЫ»

Сарабдал Елбасымыздың сындарлы саясаты, пайымды парасаты күллі қазақ елін баянды болашаққа бастайтын даңғыл жол салғанын білеміз. Солардың бірі 2015 жылы 20 мамырда қабылданған – «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» атты бағдарламасы.
Аталмыш өзекті бағдарлама негізгі бес бағытқа бағытталған; кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру.
Жоғарыда аталған бес бағытта серпінді жұмыс атқару мақсатында, Елбасы жанынан шұғыл түрде отандық және шетелдік сарапшылардан құралған, сондай-ақ, бес жұмыс тобынан жасақталған жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Аталмыш бес бағытқа негізделген бағдарламаның өзектілігі ең бірінші, заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Яғни, заң бұзушылықтың алдын алу, заңның үстемдігін арттыру, сыбайлас жемқорлықпен күресу. Мінеки, бұл бағыттар қоғамның заң бұзушылығын кемітеді, алдын алады. Экономика саласының құрылымы да «Мәңгілік ел» үшін маңызы орасан. Индустрияландыру жүйесін қалыптастыру, инвестиция тарту, экономикалық өсімді жоспарлау сынды алғышарттар басты нысанға алынды.
Қоғамдағы тағы бір маңызды жайттардың бірі – біртектілік пен бірлік. «Бірлік бар жерде тірліктің» болатыны бесенеден белгілі. Ал, осы біртұтастықты іске асыру қажымас қайрат пен ересен еңбекті қажет етеді.
Сондай-ақ, білім саласына да жіті көңіл бөлінеді. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында мектептегі, ЖОО-дағы білім саласына жаңаша сипаттағы реформалар енгізу басты шарттардың бірі.
Сондықтан 100 қадамнан құралған ұлт жоспары күллі Қазақстан халқы үшін аса қажетті әрі аса маңызды жоспарлардың бірі болып есептеледі.

Өмірзақ Қоспанов,
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *