Нашақорлықпен күрес толастамайды

Есірткінің заңсыз тасымалдануы қоғамның қалыпты дамуына, отбасы үйлесімділігіне барынша зиянын тигізіп, жасөспірімдердің өмірдегі өз жолын таңдауына, ұрпақ тәрбиесіндегі кейбір түйінді мәселелерді дұрыс шешуге кедергі келтіруде.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында есірткі қылмыстарымен күрес тәжірибесі болмағандықтан, бұл қылмысқа тосқауыл қоюдың нәтижесі төмен болып келген болатын. Ал қазіргі уақытта осындай қылмыстардың алдын алу мен жолын кесуде құқық қорғау органдары сәйкес тәжірибе жинақтады. Уәкілетті органдардың есірткімен күресте бірлесіп жүргізген кешенді жұмыстарының нәтижесінде есірткі тасымалдау арналарына тосқауыл қойылып, оны таратушыларға қарсы күрес күшейтілді, сөйтіп, бұл саладағы бірқатар қылмыстардың беті ашылды.
Жасыратыны жоқ, есірткі қылмысын ашуға құқық қорғау органдары іздестіру жұмысын түрлендіріп, іздестіру құрал-жабдықтарын жан-жақты жетілдірген сайын, есірткі тасымалдаушылар да өздерінің айла-шарғыларын күннен күнге өзгертіп, түрлі амалдар ойлап табуда.
Қазіргі таңда Ауғанстандағы есірткі трафигінің ауқымы көптеп жүріп жатыр. Сол себептен осы есірткі ахуалының өршуіне жол бермеуді талап етеді. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың заңсыз айналымына қарсы күресте өз елдерінде ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру нәтижелері жөнінде ақпараттар алмасуда.
Нашақорлықтан запа шеккен жандардың шынайы оқиғалары айтылуы керек, бұл кейінгі ұрпаққа кері әсер тигізетініне жастардың назарын аудару керек. Профилактикалық шараларда ІІМ-нің бөлімдері мен жеткіншектердің нашақорлық қызметі және кәмелет жасына толмағандардың ісі бойынша комиссияның бірлесіп жұмыс істеуі өте маңызды.
Полиция қызметкерлері жастарды нашақорлықтан тексерілуге және емделуге тартуға өз септігін тигізулері керек. Есірткіге тәуелділікті тудыратын биохимиялық механизмдер туралы ғылыми мағлұматтар әлі күнге дейін анықталмады. Бұл мәселе жан-жақты зерттеуді талап етеді, ал ол анықталған кезде ғана нашақорлықты алдын-алу шараларының тиімді стратегиясы құрылуы қажет.
Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема. Нашақордың жолымен кеткен адам біртіндеп өзінің адамгершілік қасиеттерінен айырыла бастайды, психикалық тұрғыдан өзгереді, достарын, кейін отбасын жоғалтады. Көпшілігімізге белгілі Қазақстан есірткі транзитінің үстінде жатыр. Қазіргі таңдағы жаңа қылмыстық кодексінде есірткіге қатысты 11 тарауда толық қамтылған, ол 8 баптан тұрады, яғни 296, 297, 298, 299, 300, 301, 302, 303- баптарында толық көрсетілген.
Ағымдағы жылдың тоғыз айында Жуалы аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 296-бабы бойынша 11 қылмыстық іс қаралған. Бұл сандар көңіл көншітпейді. Бір көңіл демдейтіні, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аталған қылмыстың ауданымызда төмендемегені. Дегенмен аталған әлеуметтік дертпен күресті жалғастыруымыз керек.
Есірткіге тәуелділіктің құбылыс ретіндегі қауіптілігі есірткі заттарының тізбесі ұдайы өзгеріп, жаңа шептер құруына байланысты, оларды жеңу ахуалды елеулі талдауды, әдістемелік даярлықты және дәрігерлерге өтініш білдірген кездегі сияқты олардың практикалық қызметінің профилактикалық бағыты бойынша да уақтылы көмек көрсетудің практикалық дағдыларын дайындауды қажет етеді.
Есірткіге қарсы күресті күшейтудің басты міндеті нашақорлыққа қарсы насихатты күшейту деп есептеймін, есірткі бизнесіне қарсы күресте ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты кеңейту. Тұрғылықты халықта осы қауіп қатермен күресуге атсалысу керек, өйткені жергілікті аулдың халқы бір бірін жақсы таниды, кімнің не тірлікпен айналысатынын біледі, ішінара есірткімен айналысатын адамдардың тұратын жерін де білетін азаматтар бар, қазіргі мектептерде оқып жүрген балаларымызға қауіп төнбес үшін осы дертпен күресуге атсалысуға жергілікті халықты өз үлесін қосқаны жөн.

Рахат Мұсабек,
Жуалы аудандық сотының бас маманы сот жасауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *