Жуалы жерінің қасиетті орындары

Аудандық тарихи-өлкетану музейінде №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияның 10 сынып оқушыларының қатысуымен өлкетану сабағы өтті. Оқушылардың туған жерге деген патриоттық сезімін ояту, өлкеміз туралы құнды тарихи-танымдық мағлұматтар беру мақсатында ұйымдастырылған өлкетану сабағы музейдің «Рухани жаңғыру» залында өтті.

Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған өлкеңе деген сүйіспеншіліктен басталады…» деп атап көрсетілгені белгілі. Осы ретте музейдің ғылыми қызметкері, өлкетанушы, «Үздік өлкетанушы» төсбелгісінің иегері Дәулетжан Байдалиев «Жуалы жерінің қасиетті орындары» деп аталған сабағы барысында оқушыларға туған өлкеміз жайында тың мәліметтер бере отырып, балаларды туған жері мен Отанын шын жүрегімен сүйіп, оның құндылықтарын қадірлеп, қастерлеуге шақырды. Осы тақырыпқа байланысты музей қызметкерлері Ұлжан Исаева «Жуалының микросокралдық орындары» тақырыбында кітап көрмесін жабдықтағанын да айта кеткен жөн.
Мектеп оқушылары экскурсия жүргізуші Манзура Қырықбайдың жетекшілігімен археология залындағы құнды жәдігерлермен танысқан соң «Рухани жаңғыру» залындағы Берікқара қорығы, ежелгі Жылқышытөбе қалашығы, Момышбұлағы, Қырыққыз әулие шатқалы, Шақпақ әулие үңгірі, Батырбек датқа кесенесі туралы тарихи, танымдық мәліметтерге қанықты.
Өлкетану сабағы соңында оқушыларға «Астана» телеканалы арнайы түсірген «Ғажайып Қазақстан» Жамбыл облысының ең көрікті жерлерінің бірі — Берікқара шатқалы туралы бейнеролик көрсетілді.
Өлкетану сабағынан соң оқушылар музей қызметкерлерімен бірге естелік суретке түсті. Мектеп дирекциясы мен музей қызметкерлері арасындағы әртүрлі тақырыптағы өлкетану сабағы музейде алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *