Білікті кадр – өнімді жұмыс кепілі

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-нің өкілдерімен кездесті. Онда бірқатар әлеуметтік мәселелер көтерілді.

«ЕвроХим-Каратау» ЖШС-нің бас директоры Дмитрий Валышев өздеріне қажетті кәсіби мамандарды даярлау үшін Ресейдегі жоғарғы оқу орындарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап отырғандарын жеткізді. Ол үшін арнай жылжымалы комиссия ұйымдастырылғанын, олар бүгінге дейін Жаңатас қаласынан 12 адамды қабылдап, оқуға жіберіп үлгергенін айтты. Сондай-ақ, жаңа оқу бағдарлдамасымен өз тараптарынан тағы да белсенді мамандарды оқытуға әзір екендіктерін жеткізді.
Асқар Исабекұлы қажетті кадрларды жергілікті тұрғындардан даярлаудың маңыздылығына назар аудартып, оған әкімдік тарапынан қолдау болатынын жеткізді. Грант бөлу ережелері мемлекеттік деңгейде бекітілетін тілге тиек етіп, жастарды Ресей және басқа да елдерге оқытуға ықпал ету керектігін тілге тиек етті.
Серіктестіктің бас директоры өңір басшысының керекті кадрларды жергілікті жастардан тарту ұсынысын құптап, сол бағытта шаралар қабылдап отырғандарын айтты.
Сондай-ақ, облыс әкімі мамандарды тұрғын үймен қамту мәселесін көтеріп, жобалық-сметалық құжаттарды бюджет есебінен әзірлеуге біршама уақыт кететініне көңіл бөлді. Ал инвесторлар мен кәсіпкерлер жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауды өз тараптарынан жүзеге асырса, жергілікті билік тарапынан барлық қолдау мен қолжетімділіктер жасалынатынын жеткізді. Сонымен қатар, Жаңатас қаласындағы дайын, бос тұрған тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеу тіпті тиімді екенін айрықша атап өтті.
«Еврохим» өкілі аймақ басшысы көтерген тұрғын үй мәселесін тиімді шешу жолдарына барынша ден қоюға тырысатындарын білдірді.

Облыс әкімінің
баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *