Қосалқы шаруашылық – қосымша табыс көзі

– Мұратхан Жүнісәліұлы, «Қосалқы шаруашылық – ауыл адамдарының табыс көзі» – деген облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің өңірді дамыту, жамбылдықтардың әл-ауқатын арттыру жолындағы басым бағыттарының бірі ретінде аталған жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту ісін негізге алып отыр. Бұл ретте, алысқа бармай-ақ Түркістан облысының Өзбекстанмен шектесетін аудандарына барсаңыз, әрбір тұрғын өз ауласынан гүл өсіріп, көкөніс егіп, әртүрлі кәсіп ашып, қыруар қаржы тауып отырғанын көруге болады. Ал Қырғыз Республикасының бізбен шекаралас жатқан ауылдарына жолыңыз түссе, онда да тұрғындар ауласына көкөністің түр-түрін егіп, біздің облыс тұрғындарына сатып, отбасын асырап отырғанына куә боласыз. Мұны көрген кезде біздің халық та осылай еңбек етсе деген ойдың келетіні рас. Хакім Абай да «Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей» демеп пе еді?..
– Бүгінде ауыл тұрғындарының әл ауқаты көңіл көншітпей тұрғандығы рас, осыны сараптай келе ағымдағы жылы сіз айтып отырғандай үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалана отырып қосымша табыс көзіне айналдыру мақсатында республика көлемінде алғаш рет «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы» қолға алынды. Жоба Үкімет отырысында мақұлданып, іске қосылды. Оның аясында облыстағы әрбір елді мекен тұрғындарын қосымша жұмыспен қамту, үй іргесіндегі жерді 2 ауысымда игеруге болатындығы, өнімділігі жоғары сұранысқа ие дақыл түрлерін еге отырып отбасыға қосымша табыс табу мүмкіндіктері, өндірілген өнімдерді әрбір ауылда құрылатын ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өңдеуге, егуге қажетті тұқым, тыңайтқыштар енгізу, өндірілген өнімді өткеру қызметтерін пайдалануға болатындығы туралы баяндап, аймақ басшысы бастап аудандарды бір рет түгелдей аралап өтті. Одан кейін ол бойынша әр аудандарда құрылған жұмысшы топтары жұмыс жасады. Сол арқылы ақпарат жинақталды. Осы ақпараттың негізінде облыстың әр ауданынан бір ауылдың округтен, барлығы 10 пилоттық округті белгіледік.
– Мысал ретінде бір пилоттық ауылдық округ бойынша жасалған жұмыстарға тоқталып өтсеңіз.
– Мысалы Жуалы ауданындағы пилоттық жобаға енген Ақтөбе ауылдық округі бойынша халық саны 2603 адам бар. Оның ішінде Бәйтерек ауылында – 1625, Жаңаталап ауылында – 769, Күркүреусуда – 113, Ақтоғанда – 96 адам тұрады. Осы елді мекендегі аула саны 494, оның ішінде Бәйтеректе – 324, Жаңаталапта – 129, Күркүрсуда – 20, Ақтоғанда – 21. Бұл ауылдық округта жалпы жұмысқа жарамды адамдардың саны 482 аулада 1410 адам. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың аула саны 94, шаруа қожалықтарының жалпы саны 101 – 101 аулада. Табыстың әрбір отбасыдағы жалпы көлемі 80856 теңгені құрап отыр. Жалпы бұл ауылдағы суармалы жердің көлемі 78 гектар. Оның ішінде Бәйтеркте 324 аулада 43, Жаңаталапта 129 аулада 27, Күркүреусуда 20 аулада 2, Ақтоғанда 21 аулада 6 гектар жерді құрап отыр. Жалпы сумен қамтылған суармалы жер 78 гектар, оның 43-і Бәйтеректе, 27-і Жаңаталапта, Күркүрсуда 2 гектар, Ақтоғанда 6 гектар. Пайдаланылмаған жер көлемінің жалпы саны 7 гектар. Оның 4-і Бәйтеректе, Жаңаталапта 2, Күркүрсуда 1, Ақтоғанда барлығы толығымен пайдаланған.
Жоғарыда аталған жоба 5 бағытқа бөлінген. Оның бірінші бағыты бойынша ел іргесіндегі жарамды жер көлемі, екінші бағыт – мал шаруашылығын дамыту, үшінші бағыт – ауыл сыртындағы жерді игеру, төртінші бағыт – ауыл шаруашылығы коперативін қолдау болса, бесінші бағыт – кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
Бірінші бағыт бойынша округтегі несиеге өтінім берген 475 ауланың жалпы жер көлемі 61 гектарды құрап отыр, қамтылуы 90 пайыз. Оның ішінде бірінші айналымда 383 аула 57 гектар жерге картоп егеміз деп отыр, 19 аула 2 гектарға қырыққабат, 73 аула 2 гектарға қызанаққа егу жоспарланып оыр. Екінші айналымда асханалық қызылша 218 аула 40,5 гектарға, шомыр (редка) 118 аула 9,5 гектарға, 7 гектарға 66 аула қияр, жалпы 57 гектар болып отыр. Осы тұста су жеткізу, лоток тарту секілді қосымша қажеттілктерге қажетті қаражат 13 миллион 300 теңгені құрап отыр.

Екінші бағыт мал шаруашылығы бойынша жалпы саны 494 аула болса, оның ішінде 74 аулада мал жоқ. Қамтылған аула саны – 136. Алатын мал басы саны 2531-ді құрап отыр, сомасы 260 миллион 262 мың 800 теңге. Оның ішінде 417 бас сауын сиыр алу жоспарлануда. Етті бағыттағы 166 бас ірі-қара алу жоспапланып отыр. Сонымен қатар, 450 бас қой, 98 бас жылқы алу көзделген. Және аталмыш ауыл тұрғындары 400 бас қаз бен 1000 бас үй қоянын да асырауды ойластырып отыр.
Үшінші бағыт, ауыл сыртындағы жерді игеру бойынша, жалпы жер көлемі 718 гектар, оның ішінде 360-ы арпа, жүгері 17 және көп жылдық шөп жоңышқаға 342 гектар дайындалған.
Төртінші бағыт бойынша сатып алынатын техникалар мен жабдықтар саны 33. Жалпы сомасы 386 801 870 теңге. Оның ішінде кооперативтерге қажетті доңғалақты техникалар саны 7 дана, сомасы 120 537 470 теңге. Тіркелмелі және ілмелі ауыл шаруашылық техникалары саны 15, сомасы 39 694 498 теңге. кооперативтерге қажетті егіншілік және мал өнімдерін өңдейтін және сақтайтын құрал жабдықтар саны – 11, сомасы 183 393 000 теңге. Айналым қаражаты 43 176 902 теңге.
Қазіргі кезде соның нәтижесінде жалпы сомасы 7 млрд теңгеге сұраныс түсті. Бұл қаражатты облыс әкімі А.мырзахметов Үкімет отырысында толығымен қорғап шықты. Нәтижесінде бұл жоба толықтай қолдау тауып, мақұлданды.
Бүгінгі таңда аудандардан өтінімдерді қабылдап жатырмыз. Қазір кәсіпкерлерді қолдау орталығының мамандары облыстағы пилоттық 10 аулдық округте осы бағыттағы құжаттарды қабылдауда. Мұндағы мақсат – тұрғындарды орталыққа әурелемей, сол жерде консультация беріп, құжаттарын қабылдату. Мәселен, Талас ауданындағы Үшарал ауылы Қаратау қаласынан 100 шықырым қашықтықта орналасқан. Халыққа қызмет көрсету орталығы тек сол аудан орталығында. Осындай мәселерде сол округтегі жоғарыда атап өткенімдей арнайы мамандар қызмет көрсетуге әзір. Жиналған құжатар екі күнде бір рет «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынаа келеді. Яғни екі күн жиналған құжат үшінші күні осы жерде қаралады. Барлық аудандарда осындай тоқтаусыз жұмыс жүріп жатыр.
– Түсінкіті, енді аталған қаржат ауыл тұрғындарына қай уақыттан бастап берілгелі отыр?
– Мәселен, Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы бірнеше бағыттарға бөлінген. Соның ішінде үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану бағытына – 1134 млн теңге көлемінде қаражат қарастырылып отыр. Оның ішінде:
– 265,6 млн. теңгесі 4384 аулада (488 га) қолданылып жатқан жердің өнімділігін жоғарылату және 2-3 ауысымдық дақыл егуге қажетті жоғары сапалы тұқым, тыңайтқыш, химиялық қорғау заттарын сатып алуға;
– 221,4 млн. теңге пайдаланбай жатқан 232 гектар жерді (1683 аула) жерді игеру және 35 гектар (541 аула) қосымша жерді айналымға қосуға;
— 647,2 млн. теңгесі лоток жөндеуге, құдық қазуға, насос сатып алуға және жылыжай сатып алуға жұмсалады деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, қосалқы шаруашылықтарды одан әрі дамыту мақсатында жалпы пилоттық жоба ішінде мал шаруашылығын дамыту және мал сатып алуға – 3 152,2 млн. тенге қаражат бөлу көзделуде.
Жоба аясында 2219 аулаға қосымша 43 390 мал мен құс сатып алу жоспарланған, оның ішінде 3 345 бас сауынды сиыр, 2 892 бұқашық, 8 183 бас қой, 1 700 бас жылқы, 75 бас сауынды бие, 17 040 бас етті бағыттағы құс, 2 200 бас жұмыртқа бағытындағы құс, 1000 бас бөдене, 1900 бас күрке тауық және басқа мал түрлері бар.
Жалпы пилоттық жобаны іске асыру үшін 2019 жылы мемлекеттік бюджеттен 7,2 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінеді.
Осы жұмыстардың төмендегідей нәтижелерге жету жоспарлануда:
— бір отбасының жеке қосалқы шаруашылықтан табатын айлық табысын 41 603 теңгеден 156 800 тенгеге көтеру;
— 1 434 жаңа жұмыс орындарын құру және 2229 жаңа жеке кәсіпкерлік ашу;
— ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 11,8 млрд. теңгеге ұлғайту.
Жыл соңына қарай осы қаражатты игеру көзделіп отыр.
– Пилоттық жобаға қай ауылдық округтер таңдалып алынды. Осы жағын толықтай тарқатып өтсеңіз…
– Облыс бойынша әр ауданнан пилоттық жобаға мына ауылдар еніп отыр: Байзақ ауданындағы Қостөбе ауылдық округінде – 285 аула бар, Жамбыл ауданындағы Бесағаш ауылдық округінде – 150 аула, Жуалы ауданындағы Ақтөбеде – 151, Қордайдағы Жамбыл ауылдық округінде – 271, Мерке ауданындағы Сұрат ауылдық округінде – 279, Мойынқұм ауданындағы Кеңес ауылдық округінде – 97, Т.Рысқұлов ауданындағы Құмарықта – 197, Таластағы Үшарал ауылдық округінде – 269, Сарысу ауданының Саудакент ауылдық округінде – 653 аула және Шу ауданындағы Жаңақоғам ауылдық округінде 196 аула бар, жалпы саны 2548 ді құрап отыр. Аталған аудандардағы ауылдық окруке тән шағын елді мекендер толықтай пилоттық жобаға қатысатын болады.
– Аталған жоба бойынша ұсыныстар қаралып, ауылдағы ағайындар қаржымен қамтылды делік. Осы ретте бір сұрақ туындайтыны ақиқат. Ертеңгі күні ақшаны алған соң тұрғындардың кейбіреуі нақты осы шаруашылық бағытына емес басқа жұмыстарына жаратып жібермейді ме?
– Сұрағыңыз өте орынды. Бұл мәселе бізді де бей-жай қалдырып отырған жоқ. Қазақта той-тұмалақ көп қой, кредиттегі қарыздар бар дегендей. Күні кеше ғана Жамбыл ауданы Бесағаш ауылдың округінде болаған жиында облыс әкімі осы сұраққа байланысты тұрығындарға тайға таңба басқандай етіп түсіндірді. Біз бұл ақшаны сол малды сатып алатын жерге аударамыз деп отырмыз. Мысалы біз қазір облыста мал сататын шаруалардың тізімін алдық. Оны аудандарға берміз. Біз қаражатты сатушыға тікелей аударамыз. Бұл жұмыстардың барлығы заң аясында, белігіленген тәртіпке сәйкес, құжаттар арқылы іске асатын болады. Мұның бәрі сіз айтып отырған сұрақ аясында қадағалау болып табылады. Мәселен, біз ақшаны аударған күннен бастап 90 күннің ішінде өтініш беруші малды алу керек. Малдың тек бір бағытта болуы шарт емес, шаруа өзі біледі. Қой мен сиыр алса да, жылқы, түйе алса да, барлығын араластырып алса да өзі біледі. Яғни қатып қалған қағида жоқ деген сөз.
– Әр ауданнан бір-бір ауылды пилоттық етіп алдыңыздар. Ал енді сол ауданда тағы да басқа 9-10 шақты ауылдар бар. Оның ішінде осы кәсіпке жақын, бірақ, қаржаты жоқ отырған адамдар бар. Ертең олар да сұрап келмейді ме?
– Әр аудандардан бір ауылдық округтерге береміз. Біз қазір тек қана осы пилоттық жоба бойынша қамтимыз. Әрине келіп жатқан адамдар көп. Бірақ келесі жылдары осы пилотымыз жолға қойылып, аман-есен іске асып кетсе, жоспар бойынша ары қарай қалған ауылдармен жұмыс жасаймыз. Қазіргі таңда тұрғындар бұл бастамаға көптеп қызығушылық танытуда. Алғашында ауыл тұрғындарының сенбегені рас. Алайда облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің өзі бастап жіті түсіндіру жұмыстары жүргізілген соң тұрғындар талпына бастады.
– Ауыл тұрғындары аталған қаражатқа қол жеткізіп, жоспар бойынша тірліктерін тіктеп алған соң, алған өнімдерін, мәселен картоп, қызанақ, жалпы бау-бақша және ет өнімдерін қайда апарып сатады? Оның барлығын алыс-жақын ауылд тұрғындары ала бермейтін шығар…
– Бұл мәселені де қарастырдық. Ауылдан кооператив құрылады. Сол жерде тұрғындардың өнімдерін қабылдайды. Шындығына келгенде алған өнімді қайда апарып сататынын еш уайымдамаса болады тұрғындар. Одан ары қарайғы жұмыс та біздікі. Яғни, екі қолға бір күрек табылады деп отырған ауылдағы ағайынға бұдан артық таптырмас мүмкіндік жоқ деп білемін. Берілетін ақшаның пайыздық мөлшері де өте төмен. Небәрі 2,5 пайыз. Және тағы бір айта кетерлігі, қаражатты банктер бермейді. Қаржы «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан бөлінетін болады.

Ауылдық жердегі халықты жаппай жұмыспен қамтудың бірден бір жолы ол – қосалқы шаруашылыққа қолдау көрсету екендігі даусыз. Алайда, бүгінгі таңда тұрғындар қосалқы шаруашылықты тікелей табыс көзіне айналдыра алмай отыр. Неге?
Алысқа бармай ақ, біздің әкелеріміз отбасын асырау үшін ешкімнен кредит сұрамай-ақ есігінің алдындағы талын кесіп, қада жасап, ауыл іргесіндегі көлден қолмен қамыс орып, шеңгел шауып әкеліп, одан қора жасап, малын бордақылап, жемшөп ретінде үй маңындағы жерге жоңышқа, жүгері егіп жинап, байлаған малын өзідері соғым ғып сойып жеп, артылғанын сатып, керегіне жаратып, бәрімізді киіндіріп, оқытып, ешкімнен кем қылмай өсірді емес пе? Біз бұдан қалай ажырадық? Қазір қит етсе үкіметтен кредит сұрап, көмек керек деп алақан жаю қалай, қайдан пайда болды? Осы біздер тер төгіп, еңбек етіп ақша табудың орнына, жеңіл жолмен пайда табудың жолына түсіп кеткен жоқпыз ба?..
Ертең жоба да іске асар, ақша да, мал да, техника да берілер, бірақ бір нәрсе анық: ауыл халқы ары қарай еңбек етпесе ештеңе де болмайтынын түсіну керек. «Мал баққанға бітеді» деген аталар нақылы осындайда еріксіз ойға оралатыны сөзсіз.

Сұхбаттасқан Әзімхан Қилыбаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *