Жол жабыны жаңартылды

Біршама уақыт бұрын қала тұрғындары мен қонақтарын облыс орталығының басты көшелерінің бірі – Абай даңғылының бойындағы жол жөндеу жұмыстары қайта қолға алынғаны алаңдатып еді. Бұл маңайдан өткенде де ары-бері жүрген жұрттың «Бұл не қылған бітпейтін жөндеу?» деп қынжылғанын да көрген едік.

Нақтылап айтсақ, былтыр көктемде Абай даңғылының Төле би мен Дулати көшелері арасындағы 1,1 шақырымдық бөлігінде жылу магистралі ауыстырылған. Мердігері – «Арайстроймаркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
– Мемлекеттік сатып алу туралы 2018 жылғы 30 наурыздағы №30 келісімшартқа сәйкес «Арайстроймаркет» ЖШС Абай көшесінің бойына 628 635 546 теңгеге жылу жүйелерін жөндеген. Жөндеу жұмыстарының мерзімі – 2018 жылғы 30 мамыр мен 2019 жылғы 30 қаңтар аралығы. Бұл учаскенің қабылдау актісіне сол 2018 жылдың 1 қазанында қол қойылған. Ал биыл мамыр, маусым айларында жолдың асфальт-бетон қабатын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Бірақ, жол беті төмен түсіп кетіп, қайта жөндеуге тура келді. Осыған байланысты облыс әкімі Асқар Исабекұлының тікелей қадағалауымен әрі келісімшарттың 7.2-пунктіне сәйкес мердігер компания жуырда жолды қайта жөндеуге кірісті. Келісімшарт бойынша компания үш жылға дейін қазған жеріне қызмет көрсетеді, – дейді «Таразтрансэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы Жақсылық Жөгібаев.
Жақында бұл мәселені облыс басшысы Асқар Мырзахметов өзі тікелей назарға алып, тиісті мекемелерге тапсырма берген болатын. Осыған орай бір аптадан астам уақыт мердігер компанияның бірнеше техникасы Абай даңғылының бойында жұмысқа қызу кірісіп, асфальт қабатының 6 сантиметрін қайта аршып алып, қалпына келтірді. Аталған жұмыстар толықтай мердігер компанияның өз қаржысы есебінен жүргізілген.

«Ауыл-аймақ»-ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *