Ел алдындағы еңбегі еленді

Жамбыл облысының өндірісті аймақтарының ішіндегі ең ірісі ол-«Қазфосфат» ЖШС филиалы «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені. Кешен 74 жылдық тарихында жан жадыратар өсіп-өркендеу жылдарымен қиын-қыстау жылдарды да қатар өткізді. Еліміз егемендік алғаннан кейін кәсіпорынның жұмысы қайта түзеле бастады. Қазіргі күні дамудың даңғыл жолына түсті. Өндірілетін өнім көлемі артуда, тау-кен техникалары жаңартылуда. Яғни, жұмыс та қызады деген сөз. Кеншілер үшін керегі де осы.

«Қаратау» және «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешендерін 2005 жылдан бері «Құрмет» орденінің иегері М.Б.Сәрсенов басқарып келеді. Осы жылдар ішінде ұтымды ұйымдастыру мен тиімді басқарудың нәтижесінде кешен жұмысы бірқалыпқа түсіп, алға қарай ілгерілеп келеді. Мұратқали Бақыткерейұлы кешен жұмыстарымен қатар қоғамдық, әлеуметтік мәндегі жұмыстарға да ерекше мән қойып, айналысуға уақыт табатын азамат. Сондай еңбектерінің бағаланғанының арқасында қатар жатқан Талас, Сарысу және Созақ аудандарының Құрметті азаматы атағына ие болды. Сонымен қатар Жамбыл облыстық маслихатының депутаты.
Жақында Жаңатас қаласының жартығасырлық тойы қарсаңында М. Сәрсеновке Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан мәслихат хатшыларының бірлестігі 2019 жылғы 15 сәуірдегі №ІІ/19 шешімімен «Облыстың құрметті депутаты» атағы беріліп, төсбелгі тағылды. Кешен ұжымы басшыға көрсетіліп отырған марапатты лайықты деп санайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *