Кеншілер әншіге құрмет көрсетті

Жуырда Жаңатас қаласының 50 жылдық тойы кең көлемде атап өтілді. Қазақ «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» дейді. Жаңатас қаласы өзінің жартығасырлық өмірінде қызығы мен қиындығы қатар жүретін кезеңдерді бастан өткерді. Қазір қала қайтадан өркендеп-өсу жолында. Бұрынғы қиын-қыстау кезеңдер артта қалды. Жаңарған Жаңатас жартығасырлық тойын лайықты қарсы алды.

Тойға республикамыздың түкпір-түкпірінен Жаңатас қаласының өсіп-өркендеуіне үлес қосқан, ұзақ жылдар осы қалада тұрған, өмірін осы қаламен бірге өткізген азаматтар шақырылды. Олардың қатарында химиктер, кеншілер, геологтар және басқа маман иелері де бар.
«Тойдың болғанынан боларысы қызық» демекші тойдың өткізілуіне еліне, жеріне, туған қаласына жанашыр кәсіпкерлер, мекеме, ұйымдар атсалысты. Солардың қатарында «Қазфосфат» ЖШС, осы қаланың құраушысы ретінде 3 млн. теңге, «Қаратау» ТКӨК директоры, облыстық маслихаттың депутаты М.Сәрсенов жеке өзі Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Дарабоз» байқауының бас жүлдегері Пернебай Дүйсенбинге «Жаңатас қаласының 50 жылдық мерейтойына» арналған «Жаңатас дастаны» атты тарихи кітап жазуы үшін 1 млн. теңге көлемінде демеушілік жасады.
Қаланың 50 жылдық мерекесіне түрлі мәдени-көпшілік шаралар мен спорттық жарыстар қамтылған. Өткен ғасырдаң 70 жылдары ән әлеміне қанат қағып, қазақи дәстүрлі әндерімен тыңдарманның құлақ құрышын қандырған, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, әнші Татьяна Бурмистрова да осы тойдың құрметті қонағы болып, тойға жиналғандарды әсем әнімен баурап, көңілді кеш сыйлады. Әнші осы концерттің қарсаңында «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің директоры М.Б.Сәрсеновтің қабылдауында болды. Қабылдауда кешен басшысы кешеннің 74 жылдық тарихынан қысқаша әңгімелеп берді. Әншінің иығына камзол, басына орамал жауып, гул дестесін ұсынды. Өз кезегінде Т.Бурмистрова өзінің ризашылығын білдірді.

Д.Ақділда,
Әкімшілік-шаруашылық және әлеуметтік
мәселелер жөніндегі бас менеджер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *