Ел тарихындағы жаңа тарау

Аптаның алғашқы күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пар­ламент палата­лары­ның бірлескен отырысына қатысып, алтыншы ша­қы­рылымдағы Парламенттің бесінші сессиясын ашты. Алқалы жиын барысында Президент Қазақстан хал­қына алғашқы Жол­дауын жариялады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деп аталды. Президент сөзінің ба­сында Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерге тоқта­лып, бұл жасампаздық пен іл­ге­­рі­леу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болғанын, осы уа­қыт ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылы­ғымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнық­ты мемлекетке айнал­ғанын айтты. Еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белестің ортақ мақсаттарын, оның ішінде сайлауалды бағ­дарла­масын жүзеге асыруға не­гізделген Жолдаудың басым ба­ғыттары туралы егжей-тегжейлі баяндады.
Жолдаудың «Заман талабына сай мемлекет» атты бірінші бөлімінде елдің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформалар жасау мүмкін емес екені айтылды.
Жолдауда халықты толған­дырған негізгі мәселелер көше­лерде емес, Парламенттің және азаматтық диалогтың шең­берін­де талқыланып, шешімін табуы тиіс екені көрсетілді. Ал­дағы Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлаулары көп­пар­тиялы жүйені одан әрі дамытуға ықпат етуі керек.
Президент мемлекеттік тіл мәселесіне мән берді. Ол қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезең келетінін айтты.
Сондай-ақ алдағы әл-Фара­бидің 1150 жылдық, Абай Құ­нан­бай­ұлының 175 жылдық ме­рей­тойларына, ең маңызды ме­реке – Тәуелсіздіктің отыз жыл­ды­ғына байланысты тиісті іс-шаралар назарға алынды.
Жолдаудың екінші бөлімі «Азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» деп аталды. Мұнда Мемлекет бас­шысы сот шешімдерінің сапа­сын жақсарту, ауыр қылмыстың жазасын күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес, құқық қорғау жүйесін толыққанды реформалау, жауынгерлік қабілетті әскер қалыптастыру туралы атап өтті. Осының ішінде Президент зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге жасалатын тұрмыстық қысым және басқа да тұлғаларға, әсіресе балаларға зардабы тиетін ауыр қылмыстарды жазасын жедел түрде қатаңдату жөнінде Парламент пен Үкіметке тап­сыр­ма берді. Бұған қоса табиғат­қа аяусыз қастандық жасап жүр­ген браконьерлердің әрекет­теріне тез арада тосқауыл қою талап етілді.
Мемлекет әл-ауқатының көрсет­кіші саналатын экономи­калық даму бағыттары «Қар­қын­ды дамыған және инклюзивті экономика» деген атаумен нақтыланды. Бұл жерде Мем­лекет басшысы алдымен шикі­затқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әрта­раптандыруды алға тартты. Еңбек өнімділігінің нақты өсі­мін кем дегенде 1,7 есеге арттыру көзделіп отыр. Одан кейін квазимемлекеттік сектордан қайырымды арттыру жайы қозғалды.
Сондай-ақ 2020 жылдың қаңтарынан бас­тап микро және шағын бизнес субъек­тілерін тексеруге үш жыл­дық тыйым салу тура­лы шеші­мі күшіне енеді. Осылай­ша биз­неске түсетін салмақ жеңіл­детілмек.
Экономиканың маңызды саласы ретінде туризмге жеке тоқ­талған Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орданың 750 жылдығын біздің тарихқа, мәдениетке, табиғатқа туристердің назарын аудару тұрғысынан атап өту керектігін, туризмді дамыту үшін қажетті инфрақұрылымды, бірінші кезекте жолдарды салу, білікті мамандарды даярлау маңызды екенін айтты.
Сонымен қатар Мемлекет бас­шысы халықаралық нарық­тағы ұлттық бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, салық салу жүйесін жаңғырту, Ұлттық қорды тиімді пайдалану мәселелері жөнінде баяндады. Сөз арасында Президент жердің шетелдіктерге сатылмайтынын, бірақ жерді тиім пайдалануды қамтамасыз ету керек екенін мәлімдеді. Үкіметке «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасын іске асыруға келесі үш жылда осы жылы бөлінген 30 млрд теңгеге қосымша 90 млрд теңге бағыттау тапсырылды.
Мемлекет басшысы Үкі­­метке келесі жылдан бас­тап «Дипломмен – ауыл­ға!» бағдар­ламасын қаржылан­дыру­ды 20 млрд теңгеге жеткізуді жүктеді. Сондай-ақ «Дарынды баланың» қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырды және келесі жылдан бастап мұғалімдердің еңбекақысы 25%-ға өсетінін мәлімдеді. Бұған қоса мәдениет қызметкерлеріне де қолдау көрсетіліп, еңбекақысы көтеріледі.
Жолдауда белгілі болған тағы бір жайт, Үкімет жыл со­ңы­на дейін азаматтардың өзде­рі­нің жинақталған зейнатақы қара­жатының бір бөлігін үй сатып алу, білім алу сияқты мақ­сат­та пайдалануға жұмсай алу мәселесін қарас­тырады.
Президент сайлауалды бағ­дар­ламасында елдің еңсесін тіктеп, жағдайының жақсаруы үшін ауыл-аймақтардың әлеуе­тін көтеруге ерекше мән берген еді. Бұл бағыт Мемлекет бас­шысының Жолдауында да «Қуатты өңірлер – қуатты ел» деген атаумен көрініс тапты. Өңірлерде ілкімді істерді ілгері­лету үшін жергілікті билік ор­гандары жұмысының тиімді­лігін арттыруға маңыз бе­рілді. Осы тұста Президент қанатқақты жоба ретінде халық­тың жергілікті әкімдіктердің жұ­мы­сын бағалау жүйесін енгізуді ұсынды. Егер сауалдама немесе онлайн-дауыс беру нәти­жесінде 30%-данСөз соңында Мемлекет бас­шысы реформаны тек рефор­ма үшін жүргізуге жол беріл­мейтінін, Үкімет мүше­лері­не, мемлекеттік органдар мен өңір­лердің, мемлекеттік компа­ния­лардың және мекемелердің басшыларына тиісті реформаның жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілік жүктелетінін айтты.

Akorda.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *