«Бизнесті дамыту – мемлекет саясатының басты бағыты»

Совет Қожабеков ,
М.Х. Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті «Экономика және бизнес» факультетінің деканы

Бұл Жолдаудың ерекшелігі мемлекеттін экономикаға көз қарасының түбегейлі өзгеруінде болып отыр. Оның ішінде мемлекеттін экономикаға әсері мемлекеттік секторлардың бәсекелестік нарыққа көңіл бөлуі,мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігін талдау бойынша мемлекеттік компаниялардың санын азайту туралы берген тапсырмалары – экономиканы инклюзивті экономикаға апаратын жол. Бұл қадамдар шағын және орта бизнестің дамуына зор үлес қосатын сенімді бағыт.Осы орайда президентіміз шағын және орта бизнеске жасалатын жеңілдіктер мен қолдаулар мемлекет тарапынан одан әрі қолдау табатынын нық сеніммен айтты. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы» аясында үш жылдың ішінде 250 млрд. тенге дейін қосымша бөлу туралы үкіметке берген тапсырмасы саланы дамыту мемлекет саясатының басты бағытына айналатынын көрсетіп отыр. Бұл шаралар атап айтқанда, ең алдымен мемлекет тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *