«Кәсіпкерлерге көптеген жеңілдіктер көрсетілмек»

Олжас Қаржауов,
Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі халыққа арнаған алғашқы Жолдауы бизнес өкілдері үшін тосын, әрі жағымды жаңалықтарға толы болды.
Әсіресе, Президенттің «Жұмыс берушінің жұмысшыға қосымша 5 пайыз зейнетақы аударуы 2023 жылға шегеріледі» – деген сөзі кәсіпкерлердің еңсесін көтеріп тастады. Сондай-ақ, Жолдаудағы бизнес өкілдері үшін келесі үлкен қолдау – Президенттің микро және шағын бизнес компанияларын табысқа салынатын салықтан 3 жылға босату туралы Үкіметке заңды негіз құруды тапсыруы. Жамбыл облысының бизнес өкілдері соңғы кездері көрші Өзбекстан еліндегі шағын және орта бизнеске көрсетіліп жатқан жеңілдіктерді қызыға айтып, осы мәселені Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес мүшелері де көтеріп жүрген болатын. Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауда Үкіметке берген тапсырмасын кәсіпкерлер қуана қабылдады.
Жолдауда айтылған мемлекеттік сатып алудағы ашықтықты талап ету, 2020 жылдан бастап 3 жылға дейін микро және шағын кәсіпкерлікті тексеруге тыйым салу, экономиканы әртараптандыруға қатысты мәселелер кәсіпкерлердің көкейінде жүрген жайттар болатын.
Мемлекет басшысы бұл қадамдар арқылы елімізде кәсіпкерлікті қолдау алдағы уақытта да жан-жақты жүргізілетіндігін көрсетті. Жолдау кәсіпкерлерге осындай көрсетілмек жеңілдіктерімен құнды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *