Тиімді технология диқан жұмысын жеңілдетеді

Меркі ауданында облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Жиын барысында ҚХА ХХVІІ сессиясының өңірлерге қатысты қорытындысы бойынша Елбасының тапсырмаларын іске асыруда Облыстық қоғамдық кеңес пен облыстық ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Отырыс барысында Меркі аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясында берілген жергілікті бюджеттердің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік секторда прогрестік технологияларды ілгерілету жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы аудандық кеңестің төрағасы Алижан Керімқұлов баяндамасын жасады. Сондай-ақ, жиында Талас, Т.Рысқұлов, Шу, Қордай аудандарында қоғамдық келісім кеңесі төрағаларының 2018 жылы және 2019 жылдың 1 жарты жылдығында атқарған жұмыстарының нәтиежелері тыңдалды.
Көшпелі отырыс ары қарай қоғамдық келісім кеңесі және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелерімен бірге Меркі ауданындағы «Сыпатай батыр» ЖШС қызылша егу шаруа қожалығында жалғасты. Мұнда оларға шаруа қожалығының агроөнеркәсіптік секторда прогрессивтік технологиясын енгізудегі жұмыс сапасы таныстырылып, егін алқабын тамшылатып және жаңбырлатып суару әдістері көрсетілді. Аталған серіктестіктің басшысы Қанат Шайхиев қонақтарға егін алқабының жай-күйімен таныстырды. Таныстыру барысында Қанат Шайхиев қант қызылшасын жаңбырлатып суару технологиясы арқылы жоғарғы көрсеткішке жеткендігін айта тұра, құрылғының Франциядан алдырылғанын атап көрсетті. Облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің тарапынан егін алқабында бұдан өзге де оң шешімін тауып, жоғарғы нәтежиеге қол жеткізген Қанат Кеналыұлына атқарған еңбегіне сай жоғары мемлекеттік наградаға ұсынылуы тиісті екені туралы сөз болды. Бұл ұсыныс тиісті мекеменің күн тәртібіне енгізілетіні де айтылды.

Ләззат СЕРІКБАЙ,
Меркі ауданы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *