Әлеумет әлденіп, тұрмысы тіктелуде

Ауыл – қазақтың алтын бесігі, түп төркіні десек, қателеспеген болар едік. Аттың құлағында асыр салып ойнаған халқымыз кең-байтақ, дархан даламыздың жер-анамыздың перзенті.
Ауыл – ананың аялы алақанынан талай ұлы ғалымдар, ақындар мен жазушылар, көптеген қоғам қайраткерлері түлеп ұшты. Кіндік қаны тамып, кірін жуған ауылына ақындар жыр жолдарын, жазушылар сөз қорларын аямаған.
Заман өзгеріп жатыр. Ел уақыт тынысына сай тіршілік кешуде. Бүгінде Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласы көркейіп, ауылдарымыздың ахуалы жылдан жылға жақсарып келеді. Мұның барлығы сарабдал саясаттың жемісі. Осы орайда жыл сайын жолдарымыздың жөнделіп, көшелерімізге жарық беріліп жатқандығын айтпай болмас.

Бүгінде ауылдарымызда ауыз толтырып айтарлықтай жағымды жаңалықтарымыз жетерлік. Ауылдық округтің экономикалық, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарын дамытуға бағытталған мәселелерді шешу бағытында ауданда біраз жұмыстар атқарылуда. Мал басы өсті, ауылдардың әлеуметтік жағдайы жылдан-жылға жақсару үстінде.
Алгоритмдік жұмыс жоспары бойынша ауқымды жоспарлар жүзеге асып, аудан көлемінде жақсы жаңалықтар көбеюде. Ауданымыздағы ауылдық округтерде де алға жылжу айқын байқалады. Аталған аумақта алгоритмдік жоспар бойынша қандай игі шаралар атқарылды, нендей жоба-жоспарлар іске асты?
Осы орайда Тоғызкент ауылдық округі әкімі Дархан Баймбетовтың жұмыс алгоритмі бойынша атқарған жұмыстары да көңіл қуантарлықтай.
Тоғызкент ауылдық округ әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесі Облыс Әкімінің 2019 жылғы 13 наурыздағы № 70-өкімін басшылыққа алып, Тоғызкент ауылдық округі әкімінің жұмыс алгоритмінің жұмыс жоспарын құрды. Жұмыс алгоритміне сәйкес елді мекен тұрғындарымен 15 кездесу өткізді.
Елді мекендегі әр үйді аралау барысында «Тұрғындардың әлеуметтік картасы» әзірленіп, әлеуметтік картаға әрбір тұрғынның отбасы саны, табыс көзі, тұрмыс жағдайы зерделенді.
Сонымен қатар, «Жамбыл облысы тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту жобасы» аясында сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде 41 жоба ұсынылды.
Жалпы Тоғызкент ауылында аула саны – 265, Әбілда ауылында – 24, Майлыкөл ауылында – 26. Жалпы үй іргесіндегі пайдалануға жататын жер учаскелері – 24,0 га.
Үй іргесінде пайдаланып отырған жер учаскелері – 9,92 га.
Күнделікті отбасылық қажеттілік үшін отырғызылған картоп –4,4 га.
Күнделікті отбасылық қажеттілік үшін отырғызылған бақша –4,4 га.
Күнделікті отбасылық қажеттілік үшін отырғызылған көкөніс –42 соттық. Сонымен қатар, ауыл сыртына егілген қауын-қарбыз көлемі – 9,5 га. Оның ішінде отбасы қажеттілігі үшін сатылымға шығатын бақша дақылдары – 9,5 га.
Ауылдық округ бойынша жүргізілген зерделеу барысында 196-аулада, 1578 бас МІҚ тіркелген, оның ішінде аналық басы -599. Тоғызкент ауылында 425 бас сауын сиыр бар.
Орта есеппен 1 сиырдан күнделікті 5 литр сүт сауылады. Тоғызкент ауылында күндік сауылатын сүт көлемі күнделікті төлінің қажеттілігінен бөлек 2125 литр.
Отбасылық қажеттілік үшін пайдаланылатын сүт көлемі (сүт, айран, құрт,май, ірімшік, брынза) – 2125 литр.
Сонымен қатар, ауылдық округтегі шаруа қожалықтарында – 1774 бас МІҚ тіркелген. Оның ішінде аналық басы – 1187.
Тоғызкент ауылдық округінде 1 шаруа қожалық жаңадан ашылды. Төрағасы Шарденов Мадіжан қазіргі таңда несие алу үшін құжаттарын ресімдеуде.
Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламамен құдық қаздыруға құжаттарын дайындауда.
Осыған орай, «Әсем» шаруа қожалығы және «Еңлік» шаруа қожалығы 2 МТЗ-892,2 тракторын КУН агрегатымен алуға құжаттарын рәсімдеп өткізді.
Ауылдық округтегі өзекті мәселе ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жасалуда. Қазіргі таңда Жамбыл, Бекпенбет көшелерінің ауыз су құбырлары жаңартылды.
Тоғызкент ауылындағы «Сәдібай» мешітінің жан-жағы тазаланып, тал-дарақтары бұталған.
Ауыл әкімінің сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы индустрияландыру бағдарламасы бойынша экономикаға серпін беретін тың жобалар қолға алынып, жаңа жұмыс орындары құрылмақ.

Дариха Үмбетиярова,
Сарысу ауданы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *