Қосалқы шаруашылық – көп мәселеге шешім

Жуырда облыс аудандарына сапары барысында облыс әкімі Асқар Мырзахметов төрт бірдей ауданға ат басын бұрып, атқарылып жатқан жұмыстардың жайымен танысты. Сонымен қатар, қосалқы шаруашылықтар құру мәселесінің аяқ алысын байыптап қайтты.

Әуелі аймақ басшысы Асқар Мырзахметов облыс орталығынан шалғай орналасқан Шу ауданына барды. Тоғыз жолдың торабына тұрақтаған тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін көзбен көрген облыс әкімі бірнеше ауылдық округті аралап, Қонаев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Облыс басшысы ауылдағы ағайынмен кездесу барысында «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы аясында облыс тұрғындарының бірі қалмай қамтылатынын және олардың тұрмыс деңгейін көтеру үшін нақты жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.
Ауданға барған жұмысшы топтар ондағы 18 ауылдық округке бөлініп, ауылдықтардың бүгінгі хал-ахуалымен танысты. Ондағы мақсат – «Ауылдық елді мекендердің әл-ауқатын көтеру» жобасы аясында ауылды жерлерде атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, халықтың талап-тілегіне құлақ түріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Дәлірек айтсақ, аталмыш жоба аясында елді мекендерде жеке қосалқы шаруашылық пен шағын кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша қолға алынып жатқан нақты істерді көзбен көру.
Өңір басшысының Шу ауданына жұмыс сапары аудандық мәдениет үйінде өткен актив жиынында қорытындыланды. Онда Асқар Исабекұлы ауданға жауапты жұмысшы топ жетекшілері мен аудан әкімі Жарылқасын Айтақовқа нақты тапсырмалар жүктеп, алдағы жұмыстарды бақылауда ұстауын тапсырды.
Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың аудандарға сапары Мойынқұм ауданында жалғасын тапты. Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі мен әл-ауқатын көтеру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды көзбен көрген аймақ басшысы ауданға қарасты бірқатар ауылдық округтерді аралап, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Ең әуелі Бірлік ауылдық округінде болған өңір басшысы ондағы тұрғындардың үй іргесінде орналасқан қосалқы шаруашылықтарымен танысып, ауылдағы ағайынның талап-тілегіне құлақ түрді. Ал, облыс орталығынан құмды өлкеге арнайы барған жұмыс тобы өздеріне бөлінген барлық ауылдық округтерге барып, «Қарапайым заттар экономикасы» жобасының елді мекендерде жүзеге асырылуын көріп қайтты. Түстен кейін аудандық мәдениет үйінде өткен қорытынды жиында әр ауылдық оркугке бөлінген жұмыс тобының жетекшілері ауылдардағы ахуалды баяндап, атқарылған жұмыстар мен кемшіліктерді облыс басшысының назарына ұсынды. Нәтижесінде, ауданға қарасты бірқатар ауылдық округтерде әкімдердің салғырттыққа жол бергені белгілі болды. Өз кезегінде Асқар Исабекұлы ауданда атқырылып жатқан жұмыстарды сын тезіне алып, аудан әкімі Мәден Мұсаевқа нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, облыс көлемінде қолға алынып жатқан «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы арқылы ауылдағы тұрғындар түгелдей қамтылып, олардың тұрмыс деңгейін көтеру үшін аудан әкімдігі жұмыла жұмыс жасау керектігін баса айтты.
Өңірде бекітілген алгоритмге сай атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысу мақсатында, облыс әкімі Асқар Мырзахметов Байзақ ауданында жұмыс сапарымен болды. Өңір басшысы алдымен Қызыл жұлдыз ауылдық округінің тұрғындармен бетпе-бет жүздесті. Бұдан кейін округтегі ауылдық клубта шаруа қожалықтарының басшылары, кәсіпкерлер және ауыл тұрғындарымен кездескен аймақ басшысы ауылдықтардың әлеуетін арттырудың басты бағыттарына тоқталды.
Еркін форматта өткен кездесуде Асқар Исабекұлы тұрғындарға тиімді табыс көзіне бейімделудің негізгі тетіктері мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысы, қосалқы шаруашылықтар жөнінде қарапайым тілде түсіндіріп өтті.
Сонан соң аймақ басшысы жұмыс сапарын қорытындылап, аудан активімен жиын өткізді. Басқосуда ауданға қарасты ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалып, арнайы келген жұмыс тобы мүшелерінің елді мекендердегі зерделеу шараларының қорытындысы баяндалды.
Кездесу соңында көтерілген барлық мәселелер ескерусіз қалмайтынын айтқан өңір басшысы тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, оны орындауға белгіленген мерзім берді.
Өңір басшысы Асқар Мырзахметов жұмыс сапарын Жуалы ауданында қорытындылады. Бұған дейін өңіріміздің барлық аудандарын жұмыс тобымен аралап, келелі жиын өткізіп, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісу рəсімінде тапсырған негізгі он маңызды бағытын халыққа барынша насихаттай отырып, қосалқы шаруалықты дамытудың мақсатын түсіндірген еді. Жалпы бұл топтың көздегені «Қарапайым заттар экономикасы» аясында ауыл халқының белсенділігін арттырып, үй жанындағы қосалқы шаруашылықты жүргізу, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысын үйлестіре отырып, ауыл жұртының əл-ауқатын арттыру. Жалпы Жуалы ауданында 14 ауылдық округ бар. Аймақ басшысы Нұрлыкент пен Қызыларық ауылдық округтерінде өткен кездесулерінде халыққа осыны барынша жеткізіп, ең алдымен аудан, ауыл əкімдерінің жəне ауыл халқының түсінігін қалыптастыруға тырысты. Сондай-ақ үй жайында қосалқы шаруашылығын жүргізіп отырған бірқатар аулаларды аралап көріп, олардың жұмысымен танысты.
Түстен кейін аудан активімен кездесіп, бұл бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *