Бұзылған үйлер қалпына келтіруде

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбеков Арыс қаласындағы Жамбыл облысының штабына арнайы келді. Онда жоспарлы шаралармен танысып, штабтың белсенді жұмыс барысын оң бағалады. Үкімет басшысының орынбасары қаланы қалпына келтіру жұмыстары уақытылы әрі сапалы орындалуы керектігін нықтап тапсырды.

Айта кетейік, Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша Жамбыл облысының штабы жемісті жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде бұған дейін 6 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып үлгерді.
Өз үйлерінің қалпына келтіру шаралары дер кезінде аяқталғанына риза болған арыстықтар құрылысшыларға алғыстарын жеткізуде.
Сондай-ақ, қазіргі таңда жамбылдық 250 құрылысшы 71 жеке тұрғын үйге демонтаж жасау жұмыстарын жүргізуде.
Еске сала кетейік, Арыс қаласын қалпына келтіруге бағытталған Жамбыл облысы әкімдігінің штабына қарасты 3-секторға 11 көше бекітілген. Онда жеке тұрғын үйлермен бірге 14 әлеуметтік және коммерциялық нысан бары анықталған.
Зерделеуден өткен жеке тұрғын үйдің барлығының ақау актілері толтырылып, сметалау жұмыстары аяқталды.
Қираған 3 үйдің екеуін қайта соғу, біреуін толық жаңғырту көзделуде. Қалған 309 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Қажетті құрылыс материалдары күн сайын жеткізілуде. Тиісті шығындар республикалық бюджет пен арнайы қорға жинақталған қаржыдан қарастырылуда.

«Ауыл-аймақ»-ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *