Көптен күткен «көгілдір отын» жеткізілмек

Жаңатас қаласына Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Шаян ауылынан 98,3 шақырым жоғары қысымдағы газ құбырын «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-ның минералды тыңайтқыш зауыты арқылы тартылуда.

Ағымдағы жылы қаржы бюджеттен қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, қорытындысына сәйкес «StroyGazCompany» ЖШС-і жеңімпаз болып анықталды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2020 жыл. 2020 жылы бюджеттен қаржы қаралған жағдайда Жаңатас қаласы толық газбен қамтылатын болады.
Бұдан бөлек, Сарысу ауданының 14 елді мекенін газдандыру үшін ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Алдағы уақытта қалаға табиғи газ кіріп, қала тұрғындары газ баллонды пайдаланудан арылады. Газ және газбен жабдықтау туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы №532-IV заңы қабаты екі қабаттан асатын көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық балондарда сұйытылған мұнай газын сақтауға және пайдалануға тыйым салынады деп көрсетілген. Көпқабатты үйлердің тұрғындарына ескерту, хабарландырулар таратылды.
Жаңатас қаласында газбен айналысатын мекеме жоқ болуына байланысты Тараз Газ Терминал ЖШС-нің маманы, Жаңатас қаласының тұрғыны Әлімжан Кеңесұлы Көрпебаев (тел: 87022877310) пайдаланып отырған газ балондарыңызды жинақтап, Тараз қаласына апарып арнайы тексеруден өткізіп, жөндетіп қай уақыттан қай уақытқа дейін жарамды екенін белгілеп береді. Жөндеуден өткізгені үшін және арнайы тексеруден өткізгені үшін ақы алады.

«Ауыл-аймақ»-ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *