Қоғам кеселіне жол бермейік!

Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Елбасы сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатерлердің қатарына жатқызып, мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге шақырады.

«Қазақстанның аталмыш маңызды мәселе бойынша қағидаттық ұстанымын білдіретін еліміздің басты стратегиялық құжаты мемлекеттің алдағы жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні баршаға мәлім. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру бағытында кезең-кезеңімен мақсатты жұмыс жасап келеді.
Біздің елімізде қазіргі заманда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді заңнама жұмыс істеуде десек, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтарының санасы ашық, көкірегі ояу, заңдық сауаты жеткілікті. Сондықтан, кез келген адам күнделікті тұрмыста, қызмет барысында сыбайлас жемқорлық әрекеттері көрініс берген жағдайда оған лайықты тойтарыс бере алады. Ол үшін арнайы орталықтар, «қауырт желі» орталықтары тәулік бойы жұмыс істеп тұр.
Соңғы жылдары жемқорлық көріністерін әшкерелеп, оның жолын кескен адамдарды қаржылай көтермелеу мәселелері де қоғамда тиісті орындармен қарастырылып келеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қоғам болып қарсы тұрумен қатар, мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзуына жол бермеу де бүгінгі таңдағы басты мәселелердің бірі. Бұл жөнінде қолданыстағы Әдеп кодексінде жан-жақты айтылған.

Е.Сұлтанғазы,
Сарысу ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *