Асқар мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып қайта тағайындалды

Апта басында алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз бесінші сессиясы өтті.

Оған 34 мәслихат депута-тының 27-сі қатысты.
Сессияға арнайы келген ҚР Президенті әкімшілігі мемлекеттік басқару және аумақтық ұйымдастыру жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы Еркін Базарханов ҚР Президентінің жолдаған хатын оқып берді.
Халық қалаулылары Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысын қарады.
Мемлекет басшысынан келген құжатта Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес, Жамбыл облысы әкімі лауазымына Асқар Исабекұлы Мырзахметов кандидатурасын қарау ұсынылған.
Дауыс беру кезінде халық қалаулылары бірауыздан Асқар Мырзахметовты қолдап, облыс әкімі лауазымына тағайындалуын мақұлдады.
Өз кезегінде, қызметіне қайта тағайындалған облыс әкімі Мемлекет басшысы мен Мәслихат депутаттарының артқан сеніміне ризашылығын білдірді.

Облыс әкімінің
баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *