Облыста тағы бір басқарма ашылуы мүмкін

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында елдегі жетекші парияның облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Асқар Мырзахметов айтты.

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Мәнжуов ашып жүргізген жиынның күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың облыстағы қоғамдық штабының атқарған жұмысы және Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты ұсыныстар туралы мәселелер қаралды.
Саяси кеңес отырысында баяндама жасаған партия облыстық филиалы төрағасының орынбасары, қоғамдық штап төрағасы Шәбден Тілеумұрат сайлаудың ашық және әділ өткізілгендігі, халықтың «Nur Otan» партиясы ұсынған кандидатты бірауыздан қолдағаны, облыстық, аумақтық қоғамдық штабтардың атқарған жұмыстары туралы сөз етті. Шәбден Тоқтасынұлының сөзіне сүйенсек, облыс сайлаушыларының 69,73 пайызы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдап дауыс берген. Әр қоғамдық штаб сайлау науханы кезінде уақытпен санаспай белсенді жұмыс жүргізген. «Өңір бойынша бірге» атты акциясының сайтына сайлаушылар тарапынан 16 796 ұсыныс түсіп, оның басым көпшілігі Президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлына сәттілік тілесе, енді бір бөлігі мұғалімдердің жалақысын көтеру, оларды 25 жыл еңбек өтілінен кейін зейнетке шығару, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, жұмыссыздықты жою, атаулы әлеуметтік көмек пен зейнетақыны ұлғайту секілді мәселелер көтерген.
Бұдан кейін бірқатар паритяның аудандық филиалының төрағалары, партия және саяси кеңес мүшелері өз ойларын ортаға салып, жұртшылықтың көкейіндегі өзге де бірқатар мәселелерді жеткізді. Соның ішінде Қазақстанның Еңбек Ері, саяси кеңес мүшесі Мұқаш Ескендіров Президенттің он негізгі маңызды мәселесіне тоқталып, «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алдағы уақытта бірнеше жұмыс орнын ашуға ниетті екенін жеткізді. Ал Тараз мемлекеттік педогогикалық университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков жастарға Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өмір жолы, ел басқарудағы беделі, әкеден дарыған жазушылық қыры жайлы тұлғалық қасиетін насихаттаудың маңызы зор екенін айта келе баспадан жаңа шыққан, Президентіміздің азаматтық бейнесін айқындайтын, тұлғалық келбетін сипаттайтын кітап мазмұнымен таныстырды.
Президенттің сайлауалды бағдарламасындағы міндеттерді жүзеге асыру және халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша Саяси кеңес отырысында партия облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Асқар Мырзахметов аймақта атқарылып жатқан және осы атқарылуы тиіс маңызды міндеттерге тоқталды.
Өңір басшысы жаңадан ашылатын жұмыс орындарының санын көбейту үшін кәсіпкерлікті дамытудың, жұмыссыздықты жою үшін облыста бекітілген алгоритмнің, шағын несие беруді жандандырудың маңызы айрықша екенін атап өтіп, аталған алгоритм шеңберінде облыс аудандарының әрбір елді мекендерінің ағымдағы экономикалық жағдайына шынайы баға беру және шағын жобаларды анықтау үшін «Ауылдық округтің экономикалық базасы» қалыптастырылу үстінде екенін сөз етті.
– Президент сайлауында кандидат Әміржан Қосановтың 16 пайыз дауыс жинауы оның сайлауалды бағдарламасының кереметтігін білдірмейді. Бұл жағдай біздің атқарып жатқан жұмысымызда, жүзеге асырылып жатқан бағдарламаларда кемшіліктер бар екенінін көрсетіп берді. Сол үшін біз өз жұмысымызды мінсіз атқаруымыз керек. Біздің алдымызда қазір жұртшылықты баспанамен қамту және жұмыссыздықты жою мәселесі тұр. Бұл көп қабатты тұрғын үй және жеке тұрғын үйлер салу арқылы шешіледі. Облыста 1 миллиард бір миллион тұрғын бар десек, соның 60 пайызы ауылдық жерде. Заң бойынша оларға тұрғын үй салу үшін жер учаскесін бермес бұрын алдымен жол, су, электр жарығы секілді инфрақұрылым жүргізуіміз қажет. Ал бұған облыстың бюджеттік әлеуеті жетпейді. Сондықтан әрбір ауылдық округ тұрғындарымен меморандумға отыру жоспарлануда. Егер ол ауылдың тұрғындары қалайда бізге жер телімі керек дейтін болса, жекеменшік әріптестік негізінде оларға электр жарығын тартып бермекшіміз. Бұл мемлекет есебінен жобалық-сметалық құжат дайындап, оған ақша, уақыт жұмсағаннан өте арзанға түседі. Жұрт берілген жер теліміне тұрғын үй салып қоныстана береді. Алайда ол жерге балабақша, мектеп секілді өзгеде әлеметтік нысандар салу мен инфрақұрылымдар жүргізілу кешеуілдеп жүзеге асырылатынын жұртшылыққа түсіндіруіміз қажет. Тұрғындарды баспанамен қамтудың ең оңай жолы осы.
Бұдан бөлек әр ауылдық окруктегі әрбір елді мекеннің әр түтінін есепке аламыз. Олардың қосалқы шаруашылық есебіндегі жері, малы, тауығына дейін санаққа ілігеді. Сөйтіп олардың өз шаруасын дөңгеленткендері өз алдына, ал қаржы қолын байлап отырғандарға біз көмекке келеміз. Айталық біреудің жері картоп еккенге қолайлы, бірақ қаржыдан қысылып отыр делік. Оған біз жоғары сұрыпты картоп тұқымын алып береміз. Бабын білмесе, мамандар үйретеді. Бреу бір-екі сиыр асырап, сүтін сатқысы келсе пайда табудың тиімді тәсілі қолданылады. Бұл ертегі емес, жүзеге асатын іс. Бірақ талап бар. көмек қолын созған тұрғындар өндірген өнімін әр ауылдық округте құрылатын кооперативке өткізуі керек. Ал кооператив сол өнімдерді жинақтап, нарыққа шығарумен айналысады. Бұл біреудің күнделіті бір шелек сүті немесе бір қап қиярын базарға жеке дара тасып, шығынға ұшырағаннан қолайлы. Әсіресе бұл жүйе елдің жұмыспен қамтылуына, азық-түлікті базардан удай бағаға сатып алмауына жол ашады. Аталған істі жүзеге асыруға парияның әрбір мүшесі, жастар ат салысады деп үміттенемін. Облыстағы бары 373 елді мекен бар екен. Оған қанша қаржы жұмсалатыны және қайдан алынатыны екшеліп қойды. Алдағы уақытта бұл жұмыстарды тікелей жүзеге асырумен айналысатын облыс әкімдігі апаратынан «Өңірлерді дамытудың жаңа бағдары» деген секілді бір басқарма ашу жоспарланып отыр. Ол басқарманың жоғарыда министрлігі жоқ. Бірақ, бұл біздің өңірдің ауылдарын дамыту үшін аса қажет, – деді Асқар Исабекұлы.
Білуімізше Бүгінде облыста 42 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, олар ө жұмысын бастаған екен. Бұл, өз кезегінде ауыл тұрғындарының тыныс тіршілігіне қарайласып, әр ауылды дамытуға негіз болары сөзсіз. Ендігі мәселе ауыл әкімдерінің ауылдық округтердің экономикалық дерекқоры бойынша әрбір ауыл тұрғынының қосалқы шаруашылығының тиімділігін арттыру, өндірген өнімін өткерілуін, табысын арттыру бойынша жан-жақты талдаулар жасап, әрбір аула бойынша есеп жүргізуде ойдағы цифрға жүгінбей, жалған ақпар бермей, іске шанайы кірісулері қажет-ақ.

«Ауыл-аймақ»-ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *