Жүйесін тапсаң, жұмыс көп

Мойынқұм ауданына Мәден Мұсаев әкім болып барғалы егістік алқабындағы шаруалар жұмысы күн санап жандана түскені жасырын емес. Бұған дейін мойынқұмдықтар егістік жерлердегі еңбекпен бірлі-екілі айналысып, егінді алқапқа бұрынғыдай егін егіп, одан мол өнім алуды тіпті біржолата ұмытып кеткендей күйге түскен-ді.

Тұрғындар да тек үй алды маңынан бау-бақша дақылдарын егумен ғана айналысатын. Оның өзі ауыл ішіндегі арықтарға судың дұрыс түспеуі салдарынан бақшамен айналысатындардың қатары да селдірей түскен.
Алайда аудан тұрғындары аудан басшысының ықпалымен бүгінде егінге ерекше бетбұрыс жасап, бұған дейін қыр-сыры таңсық болып келген көшетхана (парнык) салуға да бірте-бірте көңіл бөле бастағандай.
Соның бір дәлелі Мойынқұм ауылының тұрғыны Г. Міркәрім өзінің үйі алдынан жаздық-күздік көшетхана салып, қияр, қызанақ өсіруді қолға алған ауылдағы алғашқы бағбан. Қияр, қызанақ өсіруге қызыққан Г.Міркәрім көлемі 54 шаршы метр (6 х 9 метр) жерге ғана қалыңдығы 1,5 сантиметр болатын синтетикалық үлдірден (кореялық полиэтилен) көшетхана салып, Түркістан облысы Қазықұрт ауданынан 40 түп қияр, 40 түп қызанақ көшетін әкеліпті.
Көшеттерді сәуір айының 23-і күні көшетханаға отырғызып, тамшылатып суару әдісі арқылы одан бүгінде тиісінше өнім алып, еңбектің тәтті жемісін көруде. 30-50 күнде пісіп үлгеретін аталмыш көшетхана қияры шығып, ал қызанақтары түйін салып, қызаруға шақ қапты. «Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей» деген осы емеспе?!

Сайын ТҰРЛЫХАН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *