Жемқорлыққа жол бермеу – басты мақсат

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасынның көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп-қатерлерінің бірі болып табылады. Сондықтанда оны болдыр-мау, алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу-әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Қоғамымыздың барлық баласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.
Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады.

Б.Тырнакбаева,
Сарысу ауданы бойынша
МКБ бөлім басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *