100 күн ішінде 100 смартфон ойнатылады

1 мамырдан бастап 8 тамызға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясына қатыса алады. Акцияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп өткізеді.
Акция кезінде Қазақстанның әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді «Таңдау» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектерін (Онлайн БКМ) чектері қатысады.
Акцияны өткізудің мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.

Қатысу шарттары:
· Қызмет немесе тауар сатып алыңыз
· Чек талап етіңіз · «ТАҢДАУ» қосымшасын жүктеңіз
· Чекті «ТАҢДАУ» қосымшасына сақтаңыз
· Ұтыс ойындарын қарай жүріңіз
Акция шарттары:
· Қатысушының жасы 18-ден асқан
· Акция 2019 ж. 1 мамырдан 8 тамызға дейінгі аралықта өтеді.
· Акция бүкіл Қазақстан Республикасының аумағында өтеді · Акцияға қатысу үшін PlayMarket немесе AppStore-ден «Таңдау» мобильдік қосымшасын жүктеп, орнату қажет.
· Сатып алынған тауар немесе қызметтің чегін«Таңдау» қосымшасына сақтаңыз:
· Жеңімпаз кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталады.

*Акцияға жеңімпаз анықталған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде онлайн БКМ арқылы шығарылған фискалдық чектер қатысады.
**Сыйлықтар жеңімпаз анықталған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ұтыс ойынының нәтижелеріне сәйкес беріледі.

Талас ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *