Әли Бектаев партияластарымен кездесті

Тараз инновациялық-гумани-тарлық университетінде «Ауыл» Халықтық демокра­тиялық-патриоттық партиясынан ҚР Президенттігіне кандидат Төлеутай Сатайұлы Рақымбековтың сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында сайлаушылармен кездесу өтті.

Кездесуге «Ауыл» Халықтық демократиялық-патриоттық партиясының төрағасы, Парламент Сенатының депутаты Әли Әбдікәрімұлы Бектаев, «Ауыл» Халықтық демократиялық-патриоттық партиясы Жамбыл облыстық филиалының саяси кеңес мүшелері, облыстық және аудан депутаттары, «Ауыл» Халықтық демократиялық-патриоттық партиясының қалалық және аудандық төрағалары, кәсіпкерлер, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер, студент жастар өкілдері қатысты.
Бірінші болып сөз алған «Ауыл» Халықтық демократиялық-патриоттық партиясының төрағасы, Парламент Сенатының депутаты Әли Әбдікәрімұлы Бектаев ҚР Президенттігіне кандидат Рақымбеков Төлеутай Сатайұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар, патияның қазіргі жұмыстарына тоқталды.
Келесі кезекте «Ауыл» Халықтық демократиялық-патриоттық партиясы Жамбыл облыстық филиалының саяси кеңес мүшесі, «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» Бас директоры Балғабаев Нұрлан Нұрмаханұлына және «Ауыл» Халықтық демократиялық-патриоттық партиясы Тараз қаласы бойынша Төрағасы Байжанов Қайрат Балабиұлы сөз сөйлеп, ойымен бөлісті.
Жиын соңында «Ауыл» Халықтық демократиялық-патриоттық партиясының төрағасы қалалық және аудандық төрағаларымен «дөңгелек стол» отырысында кездесті.

Мұрат НҰРҒАБЫЛОВ,
«Ауыл» Халықтық демократиялық-патриоттық партиясы Жамбыл облыстық филиалының үйлестірушісі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *