“Ата кәсіппен айналысамын деушілер артып келеді”

Бүгінде мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталып жатқан шарулар аз емес. Елбасы атап көрсеткен «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына әлеуетті қатысушылар үшін экономиканың басым секторлары: агро — өнеркәсіп кешені қарқынды дамуда. Әсіресе төр түліктің санын арттырып кәсіп ашамын деген кез-келген шаруаға мүмкіндік мол. Бұл өз кезегінде шалғайдағы қарапайым шаруалардың тынысын кеңітіп, тірлігін тіктеп алуға жол ашқан көңіл қуантарлық жай. Осы орайда «Байзақ» несие серіктестігінің дирекоры Құралай Ахимовамен ауыл шаруашылығы бизнесінің бүгінгі беталысы мен қыр-сыры турасында сұхбаттасқан болатынбыз.

– Құралай Әбдіжаппарқызы «Байзақ» несие серіктестігі қай жылдан бастап жұмыс істеуде? Жалпы көрсететін қызметтеріңіз қандай?
– Осы облысқа қарасты әр аудандарда біз сияқты 10 несие серіктестіктер бар, өздеріне тиісті ауылдармен жұмыс жасайды. Міндеті – «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлеккеттік бағдарламасы» аясында жұмыс жүргізу.
«Байзақ» несие серіктестігі 2003 жылы құрылды. Ол кездегі несие беру шарттары қазіргіден басқа еді. Мәселен, ол уақытта неси үш жылға берілетін. Бұдан кейін 2008 жылдан бастап бес жылға созылды. Ал бүгінгі таңда бізде бірнеше бағдарлама бар. Оның ішінде «Сыбаға» сиыр малына берілетін, «Сыбаға» қой малына берілетін түрлері. Сондай-ақ, «Агро-Бизнес» мал шаруашылығының кез-келген түріне беріледі және Бизнес-Бастауды меңгергеннен кейінгі кәсіпкерлердің алғашқы қадамы болып табылатын «Еңбек» бағдарламасы айтуға болады.
– Осы бағдарламалардың дәл қазіргі таңда шаруларға ең қолайлысы және көп қызығушылық танытатыны қайсысы?
– Бұлардың ішіндегі ең тиімдісі қарапайым шаруларға 6 пайыздық жеңілдікпен, мемлекет тарапынан оқытып сертификат беріп жатқан «Бинес-бастау» бағдарламасы. Мақсаты жұмысссыздықты азайту. Бүгінгі таңда «Іскер» деп аталады. Ол бағдардама ауылдық жердегі жұмыссыз және нақ осы салада кәсібі болмаған жандарға қолайлы болып табылады. Кредиттің берілетін мерзімі – бес жыл. Алты пайыз сыйақысы ай сайын төленеді. Ал негізгі алған қаражатына екі жыл каникул беріледі. Яғни алғашқы төлем кредитті рәсімдегеннен кейін екі жылдан соң жасалады. Бұдан кейін әр жыл сайын төлеп тұратын етіп төлем кестесін жасап береміз.
– Түсінікті, расында екі қолға бір күрек табылады деген ауылдағы айғайындарға таптырмайтын мүмкіндік дейсіз ғой. Дегенмен осы «Бизнес- бастау­дың» берекесін көргендермен қатар, бұған қол жеткізудегі шаруасы шаш етек­тен екендігін айтып «Қиын­ды­ғы көп, қол жетпейтін мәселе» дейтіндер де бар…
– Иә, айтып отырған мәселеңіз орынды. Мұндай жағдайлар кез-келеген үлкен істің басталар шағында болады деп білемін. Оңайлықпен ештеңе келмейтіні белгілі. Негізінен басқаны былай қойғанда бизнес әлемі табандылықты талап ететін дүние ғой. Несие алуға тиісті құжаттрады жинау барысында кездесетін түйіткілдер жоқ емес. Бұл бірінші мәселе. Мысалы бірінің кепілге қоятын үйі талапқа сай келмейді. Бірінің бизнес жоспары, бірінің қора-жайы, тағысын тағы… Сондай-ақ, барлық тиісті құжаттар бізде толықтай жинақталған соң да жоғары жақтан тағы тексерістен өтеді. Мұның барлығы бір-екі күн немесе бір-екі аптада бітетін шаруа емес. Жалпы алғанда кепілдегі үйді, қора жайды, тыңғылықты тексерумен қатар құжаттарды талапқа сай жинаудың оңай еместігі баршамызға мәлім. Мұндайда тек табандылық керек. Кез-келген адам ниет етіп, мақсат қоя отырып соңына дейін жетуге талпынса, сол бизнестің берекесін көреді деп ойлаймын.
– Дұрыс айтасыз. Өзіңіз жоғарыда атап өткендей несиені алудың ең негізгі шарттарының бірі – баспанаңды кепілге қою. Ал ауылдағы салынған үйлердің алды ширек ғасырдан асып жығылады. Кепілге қойылатын үйдің сапасы сын көтермейтіні де сондықтан. Бұл басыты мәселе ғой…
– Мұның да жолы бар. Егер кепілдікке қойылған үйдің сомасы аз болып жатқан жағдайда тұрмысы төмен отбасыға «Қаз Агро гарант» фондынан көмек сұраймыз. Ол да мемлекеттік бағдарламамен бекітлген. Жетпей жатқан соманың 85 пайызына дейін көмек бере алады. Мысалы үйдің бағасы 1 миллионға есептеліп, бірақ сұраған кредиті 2 миллион болса, біз 850 мыңын «Қаз Агро гаранттан» алып 1миллион 850 мың етіп көмектесеміз. Әсіресе біз қызмет көрсететін Байзақ ауданындағы Көлқайнар, Абай, Жаңатұрмыс сынды ауылдарыдың кепілдері өте арзан. Осы сияқты мәселерде «Қаз Агро гарантпен» жұмыс жасау арқлы шешімін табуға тырысамыз.
– Бұл несие тек мал шаруашы­лы­ғы­мен айналысатын адамдарға ғана беріледі ғой сонда?
– Олай емес. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлеккеттік бағдарламала болғандықтан мұның ішінде әр түрлі салаға беріледі. Мысалы тігінші, шаштараз, мүмкін спорт зал ашса да, үй құстарын асырайтын болса да болады. Бұлардың барлығы жоғарыда атап өткендей бизнес жоспарында көрсетіледі . Сондықтан бизнес жоспарын сұраған несиенің көлеміне ықшамдап құрады. Мұның барлығы «Бинес-бастаудың» бір айлық оқыту курсында толық үйретіледі.
– Өткен жылы сіздердің серіктес­тіктің қолдауымен қанша адам кәсіпкер атанды?
– Бөлінетін қаражат адам санына байланысты. Кретдиттің көшін бастап тұрған біз әңгіме еткен «Еңбек» бағдарламасы. Аталмыш бағытта өткен жылы 100 миллон теңге бөлінген болатын. Мұнымен 16 адам өз шаруа қожалығын ашты. Биылғы жылы да Байзақ ауданына бөлінетін қаражат көлемі осы шамалас болады деп күтілуде. «Сыбаға» бағдарламасы былтыр бізде бірінші жыл іске қосылған еді. Одан 1 адам, ал «Агро-Бизнес» бағдарламасы бойынша 4 адам несиеге қол жеткізді.
Аталған бағдарламалардың барлығы да халықтың игілігіне жарап жатыр деуге толық негіз бар. Өйткені мемлекет тарапынан жеңілдетілген несиеге ие болып жатқан шаруа қожалықтары біздің жіті назарымызда. Сондықтан да ата кәсіпті табыс көзіне айналдырып, кәсібінің нәсібін көргісі келетіндер саны жыл сайын арта түсуде. Осы салада тасын өге домалатып, ары қарай дамытып кетіп жатқан азаматтарымыздың көбісі әлі күнге шейін алғыстарын айтып келіп тұрады.
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Елдар Боранбек

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *